Ағаларым
Біз жүрміз бұл күндері,
Күліп те, ойнап.
Кей кездерде кетеміз,
Хабарсыз айлап.
Жүрегіңнен айналдым,
Жүргендерің-ай.
Тамағыңнан ас өтпей,
Ініңді ойлап.
Жүрегіңнен айналдым,
Жүргендерің-ай.
Тамағыңнан ас өтпей,
Ініңді ойлап.
Қ/сы
Қалай ғана ақтар екем сенімдеріңді,
Жүрсем екен нұрға бөлеп өмірлеріңді.
Байлығым – ағаларым,
айбыным – ағаларым,
Өздерің көрсеттіңдер,
Бақыттың жағалауын.
Аман бол ағаларым.
Сауыттай ағаларым,
Бақ-мекен араларың,
Сендерді баға жетпес,
Асылға бағаладым.
Аман бол ағаларым.
Қанаттыға қақтырмай,
Қорған болдың сен.
Құлынтайдай жарыссақ,
Қалған болдың сен.
Қайда жүрсем уайымдап,
Іздеп келесің.
Ағасы жоқ жандарға,
Арман болдың – сен.
Қайда жүрсем уайымдап,
Іздеп келесің.
Ағасы жоқ жандарға,
Арман болдың – сен.
Қ/сы
Пр-ш
Қ/сы