Международный музыкальный клуб (ММК) - Показать сообщение отдельно - МузАрт - ищем/предлагаем
Показать сообщение отдельно
Старый 23.07.2013, 10:56   #2
Любитель
 
Регистрация: 03.04.2012
Сообщений: 18

Thumbs up

Тамшылар.

1.Кезгендей көңіл, сезім аралын,
Қамалған мұңға, жұмбақ жанарың.
Жүректе жылап, үнсіз егілген,
Сағыныш тамшы, көзден төгілген.

Қайырмасы:
Тамшы, тамшы, тамшы тамшылар.
Жүректерге оқтай шаншылар,
Қанша, қанша, сұлу қыздардың,
Кірпігінен, көз жас болып,
Кірпігінен, көз жас болып,
Кірпігінен түстің үзіліп.

2.Жанды өртеген, махаббат елес.
Тәтті шақтарда, мәңгілік емес.
Көңілдің жыры, атқан таң шығар.
Сезімнің сыры, мөлдір тамшылар.

Қайырмасы 2 рет.

Еркеле.

1.Қиялыңның көгіндегі
Қалықтаған аққу әнімсің
Арманымның төріндегі
Алаулаған бақыт таңымсын
Тілегіңмен жылытайын
Көңілімді күйге бөлесін
Сені қалай ұмытайн
Көз алдыма кунде келесін
Қайырмасы:
Еркеле еркеле кештеде ертеде
Жүрегім өртене сағынайын
Еркеле еркеле еліктеп еркіңе
Көз тоймай көркіңе жалындайын

2.Өзге жанды сезінембе
Елес ару сенің өзіндей
Сұлулыққа кезігембе
Мөлдіреген сенің көзіндей
Сен құлпырған гүлсің еркем
Сезім бақта жайнағансынба
Күндей күліп жүрсің еркем
Махаббаттың қайнағасында

Қайырмасы сол... .

Ақ қайын бүршік жарғанда.

1.Көктемнің кәусәр таңында,
Бұлбұл боп қондың бағыма.
Оралтып мені қайтадан,
Боз бала дәурен шағыма.

Қайырмасы:
Махаббат от боп жанғанда,
Махаббат әнін салғанда,
Жабырқап жалғыз қалмайсың.
Қасымда өзің, қасымда өзің,
Қасымда өзің, өзің болғанда.

2.Қызғалдақ толы қырларда,
Айтылмай қалған сыр бар ма.
Айнала неткен сұлулық,
Ғашық боп көрген жандарға.

3.Көктемнің кәусәр таңында,
Бұлбұл боп қондың бағыма.
Оралтып мені қайтадан,
Боз бала дәурен шағыма.
Вложения
 Тип файла: mp3 МузАрт - Тамшылар (-) (бэк).mp3 (5.32 Мб, 47 просмотров)


 Тип файла: mp3 МузАрт - Ак кайын буршик жарганда (-) (бэк).mp3 (9.27 Мб, 36 просмотров)


 Тип файла: mp3 МузАрт - Еркеле (-) (бэк).mp3 (3.59 Мб, 45 просмотров)


 Тип файла: doc МузАрт - Тамшылар (т).doc (26.5 Кб, 12 просмотров)


 Тип файла: doc МузАрт - Ак кайын буршик жарганда (т).doc (26.5 Кб, 13 просмотров)


 Тип файла: doc МузАрт - Еркеле (т).doc (27.0 Кб, 14 просмотров)



Последний раз редактировалось Erlan; 23.07.2013 в 16:47.
Kairbek вне форума   Ответить с цитированием
5 пользователя(ей) прочитали сообщение:
ekubiismoilpur69 (27.08.2013), Erkin (02.09.2013), Erlan (23.07.2013), nek-8686 (31.03.2014), rustambabay (23.07.2013)